Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)
7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт» ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Трапеция» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ-қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.
Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:
1) тең қабырғалы үшбұрыш
2) тең бүйірлі үшбұрыш
3) әр қабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:
1) тік бұрышты үшбұрыш
2) сүйір бұрышты үшбұрыш
3) доғал бұрышты үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
ІІІ топ. «Трапеция» тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!
Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.
Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.
Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі
2) тік бұрышты
Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.
Жүргізуші: Әділқазы алқасынан І-сайыстың қорытындысын сұраймыз.
2. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
«Үшбұрыш» тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?
4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
6. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
«Трапеция» тобына.
1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Әділқазылар алқасынан ІІ сайыстың қорытындысын сұраймыз.
ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).
«Үшбұрыш» тобына.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар. (табаны 4, бүйір 6 см)
Жікте:
1) 25 а2-16в2
2.(2х-4) (2х+4у)
4. өрнекті ықшамда:
5. Теңдеуді шеш:
Х2-225=0
«Трапеция» тобына.
Егер А = 420 болса, онда АВСД параллелограмының бұрыштарын табыңдар. (42, 138)
Мұғалім: Әр топ есеп шығарып отырғанда, біз көрердермен жұмбақтар шешейік
IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа 14 сұрақтан)
«Үшбұрыш» тобына.
1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле. (биссектриса)
3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
5. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).
6. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
7. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диагональ)
8. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
9. Екі қатынастың теңдігі. (пропорция)
«Трапеция» тобына.
1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)
2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)
4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
6. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
3-тур: «Кім жылдам?»
жүргізуші:
Бір нәрселерді санағанда,
Керек бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан? Жан-жағыңа қарамай.
(Натурал сан)
жүргізуші:
Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадратасаң егер оны,
Жоғалтпассың сен оны.
(Квадрат түбірі)
жүргізуші:
Бүтін сан, бөлшек сандар.
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы, Оң, теріс сандар бәрі сонда.
(Рационал сандар)
жүргізуші:
Нүктеден екі сәуледен құралған,
Айтшы бұл не екенін?
(бұрыш)
жүргізуші:
Екі бұрыш ежелден,
Көрші болған ең тату
Бірін-бірі толықтырған Жазыңқыға бар жақын?
(Сыбайлас бұрыш)
жүргізуші:
Екі түзу қатар жүріп,
Үшіншісін қияды, Сонда шыққан бұрыштарды, Кімдер айтып жияды?
(айқыш, сәйкес,тұстас)
VІ. «Сөз жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, карточка арқылы беріледі)
Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымдардың аты шығады.
18,147 |
64 |
5 |
22,804 |
-56,7 |
47,498 |
13 |
|
|
|
|
|
|
|
Д. √64 + √25 М. 0,7 * (-81)
А. 13,123 + 5,024
Е. 47,749 – 0,251 Х. (0,2)-1
Р. (-2)6 И 9,004 + 13,8
VІІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр капитан 1 минутта тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі. (кесінді)
10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
12. 225 нешенің квадраты? (15)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.