Тамақтану ереже
|
Қазақстан Республикасы |
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасуға үмiткер, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
2) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру – білім алушыларға, олардың білім беру ұйымдарында болу кезеңінде тамақтандыруды ұсыну бойынша қызмет көрсету немесе тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу үшін қажетті жағдай жасау;
3) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
4) конкурсқа қатысуға өтінім – конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған, қызметтер көрсету немесе тауарларды жеткізу үшін материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын, әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттар;
5) конкурстық комиссия – конкурс өткізу үшін конкурсты ұйымдастырушы құратын алқалы орган;
6) конкурстық құжаттама – әлеуетті өнім берушіге конкурсқа қатысуға өтінім дайындау үшін және конкурс өткізу шарттары мен тәртібі қамтылған конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын құжаттар;
7) конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен көрсетілетін қызметтерді көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасу мақсатында конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын өзара байланысты, жүйелі іс-шаралар кешені;
8) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):
орта білім беру ұйымдарында – орта білім беру ұйымы, білім беру органы орта білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда немесе «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастырған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша басқа орган;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында – мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы немесе мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті өз бетінше жүргізбеген жағдайда, білім беру органы;
9) көрсетілетін қызметті берушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
10) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес және жекешелік әріптес арасындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;
13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау – 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;
14) әлеуметті өнім берушінің біліктілік талаптары – қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарына ие екенін растайтын құжаттар тізбесі;
15) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
16) өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарлардың жеткізілімі туралы шарт жасасқан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға;
17) тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің тауарларды жеткізу бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жасалатын белгілер;
18) тауарларды сатып алу – тапсырыс берушінің тауарларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен сатып алуы;
19) тиімді тамақтандыру – тамақтандырудың физиологиялық және жас ерекшелігі