Сынып сағатыныңтақырыбы: «Тілім- менің тірегім».
Сыныпсағатының мақсаты:1.Оқушыларды өзанатілініңқадір-қасиетінбіліп,
өзанатілініңкөркемдігінсезініп, сөзқұдіретін
түсініп, оныңадамөміріндегімаңызынұғуға
үйрету.Анатілінқастерлеуге, адамгершіліккетәрбиелеу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақылсөздер.
Сынып сағатыныңбарысы:
1. Ұйымдастырукезеңі:
- Оқушыларды түгендеу,назарынаудару.
2.Кіріспесөз:Туғантілім-бабам тілі- өзтілім,
Туғантілім-анамтілі - өзтілім.
Туғантілім-даламтілі- өзтілім,
Туғантілім- адамтілі- өзтілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
- Құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатының тақырыбы: «Тілім- менің тірегім» деп аталады.
3. Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақстанның жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Ұлт өкілдерінің тілдер мерекесі.
«Ең қымбат қазына» деген аңызды оқып берейін.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
- Cендер осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар? Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сендер маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек
Туған тілім- тілі ата бабамның,
Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
Қайда жүрсең меніменен біргесің,
Түсінікті сендей жақын маған кім.
Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
Хандардың қайталама қатерлерін,
«Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашанда баталарын.
Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
4. «Кім шапшаң?»
Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
Сөз өнері-киелі өнер.
Өнералды- қызылтіл.
Әдептің басы- тіл.
5. «Ойлан, тап!»
Берілгенсөздерденмақалқұрастыру.
( ата, гүл, бала, жақсы, еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел, ана).
6.Қорытынды:
Мұғалім: Адамдыжұбататын да, ақылберетін де, күш-қуатберетін де, ой-сана беретін де осы сөз. Анатілінұмытқанадамөзөткенін де, болашағынан да қолүзеді. Міне, осындайданалықсөздербізгетіларқылыжеттіемеспе?!
Олайболса, біздіңтілгедегенқұрметімізшексіз.