"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі "Заречное аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное  учреждение «Основная средняя школа села Заречное  отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кім жылдам"

31.01.2020

Тақырыбы:  Кім шапшаң

Мақсаты: Оқушыларды сайыс арқылы біліктерін арттырып, қызығушылықтарын ойяту.

Міндеті: 1.Әр пән бойынша сурақтарға жауап бере отырып, ой- өрісін кеңейту;

2.Ойлау қаблеттерін,шапшаңдылықтарын, ептіліктерін дамыту;

                 3.Оқушыларды мейрімділікке,достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Әдіс- тәсілі: сайыс түрінде.

Құрал- жапдықтар: доп, шар, таяқшалар.

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: «Достық шеңбері»

ІІ.Оқушыларды екі топқа бөліп өз ұрандарын айтқызу.

«Береке», «Бірлік» екі топқа бөлініп, әр топ өз ұрандарын айтады.

1-    топ: Берекелі болсын деп

Қойдық топтың атын  біз

         Береке болсын тек алда

         Тілек барша халқымыз

 

2-    топ: Болсын дедік тобымыз

Бірлік пенен достықта

         Бірлік сәйкес келеді

         Жүзден жүйрік атына.

 

-Өте жақсы, енді мен сайыс түрлерімен  таныстырып өтейін.

1-тур: «Доппен сайыс» Оқушылар допты бастарынан асырып бір- біріне беру.

2-тур: «Қағазбен жылдам жүру»

3-тур: «Адам құрастыру»

4-тур: «Бір аяқтап секіру»

5-тур: «Шарды таяқшамен алып жүру»

6-тур: «Баскетбол ойыны»

7-тур: «Шарды өрлеу барысында берілген әріпке сөз құрастыру»

8-тур: «Кәмпит жинау ойыны»

9-тур: «Берілген фигуралардан сурет құрастыру»

10-тур: «Қол ұстасып жүру»

Турларда берілген тапсырмаларды  орындай алмаған  топ өзіне ұпай алу үшін берілген төрт ұяшық бойынша, әр қяшықта пән бойынша сұрақтар берілген, сол сұрақтарға жауап беру мүмкіндігін алады. Ұяшықтағы берілген сұрақтарға жауап  берсе 10 ұпай сол топқа  қосылады. Солайша әр турда сайыскерлер сондай мүмкіндікке ие бола алады.

Ұяшықтағы тапсырмалар:

1-ұяшықта қазақ тілі пәнінен 2 сұрақ беріледі.

1-сұрақ:Сөздерді түбір мен қосымшасына ажырат.

Оқушылар,дәрігер.

Оқу-түбір, шы-журнақ,лар-қосымша,дәрі-түбі,гер-қосымша.

2-сұрақ: Сөз таптарын ата.

2-ұяшық Әдебиет пәнінен 2 сұрақ беріледі.

1-сұрақ: Мақал-мәтелді толықтыр.

Еңбек етсең ерінбей- тояды....(қарның тіленбей)

Еріншектің ертеңі .....(бітпейді)

2-сұрақ: Еңбекке байланысты бір мақал- мәтел айт.

3-ұяшықта математика пәнінен 2 сұрақ беріледі.

1-сұрақ:Өрнек  шеш:

1+3    2+3   0 +5    4+1    5 – 3    4 - 3

4-ұяшықтадүниетану пәнінен 2 сұрақ беріледі.

1-сұрақ:  топырақтың құрамын ата. Су,ауа.

2-сұрақ: Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?

Қортындылау:Осымен оқушылардың сайысы аяқталды. Топырақтың ішінде ең жүйрігін әділ- қазылар алқасы анықтайды. Әділ- қазыларымыз  қортындылағанша «Отан» әнін барлығымыз хормен орындайық.

Әділ- қазыларымызға сөз кезегін берейік.Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау!

 

 

 

                                          

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст