"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі "Заречное аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное  учреждение «Основная средняя школа села Заречное  отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

22.06.2017

ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

ТАЛАПТАРЫ

 

Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы

берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:

  • балалардың жас еркшелігін;
  • психологиялық ерекшелігін;
  • денсаулығын;
  • ұлттық ерекшелігін;
  • аймақтық ерекшелігін;
  • діл (менталитеттік) ерекшелігін;
  • жыныстық ерекшелігін;
  • қабілет-мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен
  • мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:

  • өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
  • ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
  • достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
  • туған жердің табиғатынның және экологиялық маңызына мән беруге;
  • азаматтық-елжандылық сананы қалыптастыруға;
  • ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б.
  • ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші-ұстаздың басты міндеті.

Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:

  • лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспиктивасы;
  • қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары
  • қызыметінің негізгі бағыттары;
  • лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық
  • жоспарынан;
  • лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға
  • қойылады;

  Лагердің топ  жұмыстары дегеніміз, бұл:

  • ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың
  • бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
  • лагердің дәстүрлігі;
  • лагердің профилдері (жас тілщілір, туристер, спортшылар
  • т.б.);
  • мұғалім-ұймдастырушылардың жеке қызығушылықтары;
  • тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
  • лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.

  Топ аттары, ұрандары

Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшіліктеріне сай іріктеліп алынады. Топтардың аттары

«Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т.б. деп атауға болады.

  Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары

·      Біз кішкентай «Жұлдызбыз», өнегелі ұл-қызбыз

·      «Балдырғанбыз»- балдаймыз, бақытты өмір таңдаймыз.

Шаттық-думан көңілді, болашаққа  жалғаймыз

·     «Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз, жақсылық, жақсы үнге

ұранбыз. т.б.с.

  Ұрандық сөйлесімдер:

  • Қандаймыз? — Ән айтуға қалаймыз?
  • Жараймыз! — Бастаушыға қараймыз.
  • Қалаймыз?
  • Санаймыз: бір,екі, үш! — Біздің топ қандай?

Жолға бастап түс.                                                      

 Татулығы балдай!

Шарықтатып, талмай…

-Ән айтамыз қалмай!

  Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар:

  • Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;
  • Алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары;
  • Ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар;
  • Ұлттық дәстүрлер мерекесі;
  • Өнер байқаулары;
  • Әдеби викториналар;
  • Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;
  • Пікірталас, пікір-сайыстар, интерактивті тапсырмалар;
  • Көңілді тапқырлар клубы (КВН);
  • Сөздік сайыстар, саяхаттар;
  • Поэзия кештері;
  • Ән-күй кештері;
  • Концерттік кештер;
  • Би кештері, т.б.

Іс-шаралардың тақырыптық үлгілері

Жазғы демалыс лагерінде демалуға келген балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өткізуге мүмкін іс-шаралар тақырыптары:

  • «Менің елімнің нышандары» әңгіме;
  • «Қазақстандық елжандылық-бұл….» пікірталастар,
  • «Әнім сенсің, Туған жер!» ән-кеші;
  • «Қазақстанның ұлы адамдары» шығарма;
  • «Тілге құрмет-елге құрмет» КВН
  • «Менің елім, менің ауылым» жобалар сайысы;
  • «Лагерь аруы»қыздар арасындағы сайыстар;
  • «Қандай көркем, туған өлкем» табиғат аясына саяхат;
  • «Ұлтымның ұланымын» ер балалар арасындағы сайыс;
  • «Лагерь жетістіктері» баспасөзге мақала беру;

  Лагерь жұмысын жоспарлауға ескерілетін даталы күндер

1маусым-Халықаралық балаларды қоғау күні.

5 маусым-Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.

17 маусым-Дүниежүзілік ашаршылық пен құрғақшылыққа күрес күні.

26 масуым-  Халықаралық есірткі пайдаланушылар мен таратушылар, сатушылармен

күрес күні.

  

 

Просмотров: 820


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст