"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі "Заречное аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное  учреждение «Основная средняя школа села Заречное  отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ең білгір топ сайысы»

01.02.2019

«Ең білгір топ сайысы»

Тақырыбы: «Ең білгір топ сайысы»
(Сыныптан тыс жұмыс)

Пән: қазақ тілі

Мақсаты:

Тәрбиелік: оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялап қорғауға, Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу.

Әдістемелік мақсат: Коммуникативтік технология арқылы интерактивті әдіс – тәсілдерді қолдану.

Көрнекіліғі:
1. Табиғатты сүйе білу – оның әдемілігін сақтап, қамқорлық жасау деген сөз. В. А. Сухомлинский
2. сызба, кесте, ҚР картасы, ҚР қорықтар картасы, слайдтар

Пәнаралық байланыс: география, биология

Өту барысы:

Жүргізуші:

Қымбатты оқушылар, бүгін біз Ең білгір топ сайысын өткізбекшіміз. Олай болса, сайысты бастайық. Сайысқа үш топ қатысады.

1 топ «Сұңқар»
2 топ «Бүркіт»
3 топ «Қыран»

1 сайыс: «Танысу». Әр топ өзін таныстырады.

2 сайыс: Мақал – мәтел айтудан жарысу.

3 сайыс: Оқушылар табиғат, Отан туралы білетін өлеңдерін жатқа айтады
Жүргізуші:
Ақын – жазушыларымыз өз шығармаларында табиғатты ерекше жырлаған. Табиғат бізді қоршаған орта. Адам сол табиғаттың иесі. Табиғат біздің келер ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Табиғатта сирек кездесетін аңдар, құстар, өсімдіктер Қызыл кітапқа жазылған. Осыларды қорғау мақсатында мемлекеттік қорықтар ашылған.

4 сайыс: «Кім жылдам?»

Сөйлемдерді дұрыс құру.
1 топ
Пайдаланып отырмыз, біз, табиғаттың байлығын
2 топ
Қорғау үшін, құрылды, қоғамдық комитет.
3 топ
«Қызыл кітапқа» сирек кездесетін енгізілген, өсімдіктер мен жануарлар.
5 сайыс: «Полиглот»
Оқушыларға мәліметтер таратылып беріледі1 топ. Алматы қорығы
1931 ж. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптардың табиғат байлығын қорғау үшін құрылды. Қорықты тамашалауға барғандар тастан- тасқа секірген арқарды,елік пен «алтын мүйізді» маралды көре алады. Сонымен қатар үкі, жапалақ,қаршыға, тәрізді жыртқыш құстары бар. Шөлді аймағын «Әнші тау» төңірегі қамтиды. Бұл жерде сексеуіл, жусан өседі. Көне дәуірден жеткен қылқан жапырақты шыршалар Алатауға сән береді. Қорық 1931 жылы Алматы облысы Талғар ауданында құрылды.
2 топ. Қорғалжың қорығы
1958 ж. Ақмола облысының бірнеше көлді алқабының табиғат байлығын қорғау, құстарға қамқорлық жасау, қоқиқаз, аққулардың санын көбейту мақсатымен ашылды. Басты байлығы — су құстары. Көктем, жаз айларында бұл қорықты "Құс базары" деп атайды. Қамыс арасын шағала, қасқалдақ, сұқсыр үйрек, қоңыр қаздар мекендейді. Қорғалжында түлкі, қарсақ,суыр, т.б жануарлар да бар.
3 топ. Батыс-Алтай қорығы.
Батыс Алтай қорығы 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында құрылған. Бұл қорық осы облыстың солтүстігінде,Ұлы Алтай тауының табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Қорықтың қысы суық, жазы ылғалды. Мұнда осы жердің табиғатына бейімделген Алтай ұлары, таутеке, борсық, барыс, сілеусін және т.б. қорғауға алынған жануарлар мен құстар мекендейді.
6 сайыс: «Табиғат қорғау – әр адамның борышы»
Осыған қосар сендердің үлестерің қандай?
Әрбір гүлді қозғай отырып, оқушылар табиғат қорғау үшін не істеу керектігі жөнінде айтады.
Сүйелік,табиғатты аялайық,
Біз де одан жақсылықты аямайық .
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық –деп мысалдар келтіре отыра сайысты қорытындылау.
Жеңген топты анықтап, сыйлықтар тапсыру.

 

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст