Заречное негізгі орта мектебі
Тақырыбы:
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты білім
Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық:оқушылардың ойлауын, іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру.
Көрнекілігі: презентация, математикаға байланысты мақал- мәтелдер,ойынға қажетті әртүрлі заттар.
Сабақтың барысы:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 6 А сыныптар арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда қызықты есептер, математикаға қатысты мақал- мәтелдер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға, әділ - қазылар алқасы бағалап отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1. “Кім жылдам? ”
2. Бәйге
3. “Ойлан тап!” ойыны
4. Көкпар
5. Рефлекция
6. Марапаттау
Есептен сайысады қос команда,
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
1.«Кім жылдам?» сайысы. Бұл кезеңде рационал сандарды қосу, азайту, көбейтуге байланысты 10 сұрақтар оқылады. Қай топ бірінші жауап берсе, сол топқа ұпай қосылады.(иә,жоқ)
1) Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең иә
2) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан иә
3) Екі теріс санның қосындысы- теріс сан иә
4) Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі - теріс сан жоқ
5) Кез келген теріс сан нөлден үлкен жоқ
6) Оң санның модулі сол санның өзіне тең иә
7) Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан иә
8) Теріс санның модулі сол санның өзіне тең жоқ
9) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - оң сан иә
10) Кез келген теріс сан оң саннан үлкен жоқ
Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.
2. Бәйге сайысы
Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу
Қосылғыштардың модульдерін қосып, шыққан санның алдына «-» таңбасын қою керек.
Үлкен модульден кіші модульді азайтып, шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.
Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынасы деп аталады.
Егер бірінші шама бірнеше есе артқанда (кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін (артатын) болса, онда мұндай шамалар кері пропорцияналдар деп аталады.
Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына да тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады.
Бір бірінен тек қана таңбалары мен ажыратылатын сандар қарама қарсы сандар деп аталады.
Координаталық түзу бойындағы санды кескіндейтін нүктенің сынақ басынын қашықтығы санның модулі деп аталады
Қарама қарсы екі санның қосындысы О ге тең.
Тура пропорционалдық деп y=kx түріндегі формуламен берілген функияны айтады. (мұндағы x- тәуелсіз айнымалы, k нолден өзге сан)
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз түріндегі теңдеу. (мұндағы x- айнымалы, a және b нақты сандар)
Егер бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейтсек немесе бөлсек, онда оған тең бөлшек алынады.
Егер бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың ортақ бөлгішіне бөлуді бөлшекті қысқарту деп атайды
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды
Дөңгелектің ауданы оның радиусының квадраты мен –дің көбейтіндісіне тең. S= R²
Бөлімдері бірдей жай бөлшектердің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен
Берілген жай бөлшектің шектеусіз ондық бөлшекке айналдырылған мәнін дөңгелектеуден алынған шектеулі ондық бөлшекті айтамыз.
Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын атайды.
Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады
Шеңбердің ұзындығы саны мен шеңбер диаметірінің көбейтіндісіне тең..
Натурал сандар, оларға қарама – қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар деп аталады.
Екі санның көбейтіндісін үшінші санға көбейту үшін, бірінші санды екінші санның және үшінші санның көбейтіндісіне көбейтуге болады.
Ондық таңбаларында бір цифр немесе реті өзгермейтін цифрлар тобы қайталанатын шектеусіз ондық бөлшек.
Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
Градустық өлшемі - тан артық, бірақ – тан кем бұрыш доғал бұрыш деп атайды.
Түбірлері бірдей немесе түбірлері болмайтын теңдеулер мәндес теңдеулер болып табылады.
2 а. «Алма ағашы» сайысы
Шарты: Алма ағашындағы алмаларды алып ішіндегі тапсырмаларды орындау арқылы себетке жинау. Себетке алманы көп жинаған топ жеңіске жетеді.
1) -2,75+(-0,25)= -3
2) -5*(-5)+5= 30
3) 18+(-10) =8
4) -8*(-5)= 40
5)100+(-100)= 0
6) -13*(-5)= 65
7) 0+(-999)= -999
8) -0,72*(-1)= 0,72
9) 0*(-10)= 0
10) -56 –(-35)= -31
11) -18+10= -8
12) -12:3= -4
13) -64: 8+34 = 26
14) -10*10= -1
Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
3.“Ойлан тап!” ойыны ( семантикалық карта). Амалдарды орындап, дұрыс жауап тұрған торкөздегі әріптерді дұрыс орналастырғанда шығатын сөзді табу.
№ |
тапсырма |
а |
а |
р |
о |
ц |
и |
н |
л |
1 |
(-36+45):(-9) |
9 |
-9 |
-1 |
1 |
2 |
-3 |
4 |
-4 |
2 |
(23-(-47))·0 |
70 |
0 |
1 |
-2 |
60 |
-70 |
-1 |
-60 |
3 |
-15+(-29) |
-54 |
-34 |
29 |
14 |
-44 |
-14 |
34 |
-29 |
4 |
-1,69:1,3 |
-1,3 |
13 |
-13 |
130 |
0,13 |
-0,13 |
1,3 |
-130 |
5 |
-4,2·(-2,5) |
-105 |
-1,05 |
105 |
10,5 |
1,05 |
-10,5 |
1050 |
-1050 |
6 |
78+(-47) |
-125 |
125 |
-31 |
-48 |
48 |
115 |
31 |
-115 |
7 |
(31-(-14))·1 |
45 |
0 |
1 |
-2 |
-45 |
17 |
-17 |
45 |
8 |
13+(-37) |
14 |
24 |
50 |
40 |
-50 |
-40 |
-14 |
-24 |
4. «Мақал-мәтелдер» сайысы
Мұғалім сандар көрсетеді, сол көрсетілген сандарға байланысты мақал- мәтелдер айтып жарысу сайысы. Қай топ бірінші мақал- мәтел айтады, сол топқа ұпай қосылып отырады.
4 а. Көкпар
Тест тапсырмалары:
Әр жауапқа 5 ұпай
Жауабы: d
Жорға
Әр жауапқа 4 ұпай
5.Рефлекция
Сөйлемді аяқта:
6.Марапаттау
Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Келесі сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі.
Өткізген: Тезекбаева А.С.