"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі "Заречное аулының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное  учреждение «Основная средняя школа села Заречное  отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мәңгілік ел-Қазақстан»

Конференцияның тақырыбы:    «Мәңгілік ел-Қазақстан»

Конференцияның мақсаты:Оқушыларымызды елін,жерін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Ата-бабамыздың қанымен,ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен берілген жерді сақтап қалу.Болашақ ұрпақтың аманатын жеткізу.

Көрнекілік:Портреттер,еліміздің рәміздері,еліміздің көрнекті жерлерінің фотосуреттері.Слайд.

Барысы:1.Ұйымдастыру

 

Мұғалім: Видео арқылы «Мәңгілік ел-Қазақстан» 1 мин оқушылардың ойларын сұрау.

 Мұғалім:Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатымен әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жолында игілікті іс-қимыл, ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Осы шаралар Отанымыздың гүлденуіне септігін тигізеді деген ойдамын және біз, барлығымыз,   бірлік пен татулықты ту етіп, ұлттық рухы дамыған осындай еліміздің  өркендеуіне үлес қосуымыз керек. Өйткені, сендер сол елдің болашағысыңдар!

 


(Осы орайда «Мен кіммін?» деген сауалға өз ойымызды ортаға салайық).

 Заречное Оқушы:«Мен» тұлғасын тәрбиелеу - өзекті мәселе. Осы тұста, сөз патшасы - Абай есімі еске оралады. Ол өзінің қара сөздерінің бірінде қайрат, ақыл, жүрек - үшеуінің ғылымға жүгінгенін, айта келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруға үшеуінің бірлігі керек екенін айтты емес пе?! Қайрат - білімді игеруге, ерінбей, жалықпай, ізденіп орнына келтіру менің ісім десе, Ақыл: пайдалы іс болса, не залалды іс болса білетұғын - Мен, сенің сөзіңді ұғамын - Мен.

Менсіз ештеңе бітпейді дейді. Ал жүрек болса, мен адам баласын алалаймын депті.

Сонда Ғылым: үшеуің күш біріктіріп, бір тұлғаның бойынан табылсаңдар нағыз қасиетті адам - сол деген.

Адам өмірінің мәні - сол өмірде бастан - аяқ адамша сүре білуде: адам болып туған екенсің, сол адамгершілікті, кісілікті сақтай білу, сол кісілік қасиеттен арылмау, адамдық пейіліңді мықтап ұстап, өмірдің әр сәтінде адам болып қала білу керексің.

Әр адам өз кезінде толыққанды өмір сүріп, бақытты бола алады, бұл оның ақыл-ойына, қайрат - жігеріне, өмірге деген құлшынысына, кісілік тұғырына байланысты. Жақсылықты өз бойына дарыта білу, оны сақтап қана қоймай арттыра білу: іздену - адам жанының қажымай-талмай еңбектенуі арқылы ғана мүмкін болады.

 

 Оқушыларға      елбасымыздың жолдауынан үзінді келтіріп Видеомен таныстырып өтеді. 

2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім.Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы.

  Первомай Оқушы:Ол- «Мәңгілік Қазақстан »жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»-деп  бастады.Бұл орайда елең еткізген жаңалық-тұңғыш мемлекттік ресми идеология,яғни «Мәңгілік ел» идеясының  жариялануы

Бұл- Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін тұжырым.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз.     «Мәңгілік ел»ұғымын тереңнен түсіндіру,тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

 ЗаречноеОқушы:Түркі тарихын,көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы,профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EI» халықаралық ғылыми көпшілік тарихи журналында:      «Мәңгілік ел-түрік жұртының данагөйі,үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк(Тұй-ұқық) негізін қалаған идея»- екендігін жазған.

 ПервомайОқушы:Мәңгілік ел ата –бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

 ЗаречноеМәңгілік ел – ортақ тағдыр.

 ПервомайМәңгілік ел – жалпы қазақ үйінің ұлттық иедясы.

 ПервомайМәңгілік ел – қазақстанадық ұлттарды біріктіретін және болашығымыздың қалауын құрайтын басты құндылықтары.

 

 Абай Оқушы:Үш тұғырлы тіл анықтама Нурасыл,Аяуылым,Жансулу.

 

 ЗаречноеОқушы:Мәңгілік ел ұғымын ұлтымызыдың ұлы бағдары-         «Қазақстан 2050»стратегиясының түп қазығы.         «Қазақстан 2050»-мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы,ең мәртебелі жол.Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2000-ы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне  көшетінімізді айтты.  

 ПервомайОқушы:Қазақстан Республикасы президентінің қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлығы.

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2.ҚР –ның Үкіметі:

  Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын;

  Қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

  Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де,соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы,шаралар қабылдансын.

3.Осы Жарлықты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

  ҚР Президенті Н.Назарбаев

Астана,Ақорда,2017 жылғы 26 қазан № 569 Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы

№569 Жарлығымен бекітілген.

 ЗаречноеОқушы:Расында,біз латын қарпіне көшу жайын сөз еткенде әліпби мен тілдің төңірегін ғана шиырламай,бұл мәселеге байыптылықпен,кеңірек қарап,тереңірек үңілгеніміз жөн сияқты.

Латын қарпіне көшу еліміз үшін жаңа мүмкіндік есігі деп есептеймін.

Біз бұл есікті ашуымыз керек.      

«Ой қозғау»

Мұғалім:Балалар біз

1.Мәңгілік елімізді өркендету үшін не істесек болады?

2.Осы латын графикасына көшкеніміз дұрыс па,бұрыс па?»

ПервомайОқушы: «Тарих толқынында» атты еңбегінде:«Түркі халықтары жұмылған жұдырықтай болып біріккен кезде геосаяси өмірге тең құқықты субьект ретінде ықпал ете алады,мәдени әлемдегі өзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар,ынжық элемент ретінде емес,өзгелермен терезесі тең тұлға ретінде бой көрсете алады.Бұл бағыттағы алғашқы игі қадам ортаазиялық одақтың құрылуы болды.Оның шеңберінді біздің бәрімізге ортақ  мәдени ұқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің көтеріле түсетіні сөзсіз»-деп түрк бірлігінің болашағына зор үмітпен қарады

Мұғалім:Қалай ойлайсыңдар балалар,бізге еліміздің Президенті тағы қандай бағдарлама ұсынды,ол неше бағыттан тұрады?Атап берейікші.

 ЗаречноеОқушы:Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің ұсынған бағдарламасы. 2017 жылы 12 сәуір күні болған отырыста былай дейді: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып,әрбір қадамын нық басуын,болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын»Бұл ретте,тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын  жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім:

 ПервомайОқушы:1.Бәсекеге қабілеттілік

Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз-ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы,я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы.Бұл материалдық өнім ғана емес,сонымен бірге,білім,қызмет,зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстар болуы мүмкін.

 ЗаречноеОқушы: 2.Прагматизм

Прагматизм-өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу,оны үнемді пайдаланып,соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу,ысырапшылдыққа,даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі-орынсыз сән-салтанат емес.Керісінше,ұстамдылық,қанағатшылық пен қарапайымдылық,үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.

ПервомайОқушы:3.Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық бірегейлікті сақтау-ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі  ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

Оның екі қыры бар.

Біріншіден,ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту

Екіншіден,ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып,оның бірқатар  сипаттарын өзгерту

Ұлттық салт-дәстүріміз,тіліміз бен музыкамыз,әдебиетіміз,жоралғыларымыз,бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалу керек.

 ЗаречноеОқушы:4.Білімнің салтанат құруы

Табысты болудың ең іргелі,басты факторы білім екенінәркім терең түсінуі керек.Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.Себебі,құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

 ПервомайОқушы:5.Қазақстанның революциялық емес,эволюциялық дамуы

Бүгінде революциялар өңін өзгертіп,ұлттық,діни,мәдени,сепаратистік перде жамылды.Бірақ,бәрі де,түптеп келгенде,қан төгіспен,экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.

Сондықтан,әлемдегі оқиғаларды ой елегінен  өткізіп,қорытынды жасау-қоғамның да,саяси партиялар мен қозғалыстардың да,білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық,рухани жұмысының бір бөлігі

 ЗаречноеОқушы: 6.Сананың ашықтығы

Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан,бұқаралық сана-сезімнің «от басы,ошақ қасы»аясында қалуынан туындайды.

Бір қарағанда,жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар,кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.

Мұғалім:

Олай болса құрметті оқушылар,Мәңгілік еліміз,Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін.Ал биылғы жыл жастар жылы деп жарияланды.Биылғы жылдан қандай өзгерістер күтесіздер?

 

Абай Оқушы:Дегенмен, бостандығымызды баянды етер болашақтың барыс жүрек, қырандай күшті, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайраты бар жастарымыздың ел игілігі үшін атқарылып жатқан бастамалардың басы-қасында жүргені де көңіл қуантады. Білімді ұрпақ өсіру үшін, ең әуелі, сол  өздері білімді, парасатты, білікті болуы қажет. Сондықтан, болашақ жастарға  айтарым, әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне сай қоғамымыздан өз орнын табуы қажет.

«Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір»,-дейді дана халқымыз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып, өн бойларында ұлттық намысты жоғары қоюы керек. Қазақ жастары тәуелсіз еліміздің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуымыз қажет. Ел сенімін, үмітін ақтау біздің қолымызда. Мен жастарға сенемін! - деп Мағжан Жұмабаев ұрпаққа үлкен сенім артқан Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса деген.

 

Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!»

 

 

 

Қорытынды.Ән қосылып тұрады.

 ЗаречноеОқушы:Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың.

 

ПервомайОқушы:Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Соны қорғауға сен қақылысың!

 

Заречное Оқушы:Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Сол сәуленінің бетіне көлеңке түсірмеуге сен қақылысың!

Ән Сабина Гордиевская

 

ПервомайОқушы: «Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып» , ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.

 

Жаңартылған күні: 19.12.2019 10:48
Құрылған күні: 19.12.2019 10:48

Текст